Энергетика

Жамбыл облысының үш елді мекені көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

2018 жылы Жамбыл облысының үш елді мекенін газдандыру жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл25 Наурыз , 11:37

Бүгінде Ақкөл, Қызыләуіт және Үшарал елді мекендеріне газ құбырын өткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу үшін тиісті қаржы бөлінген.

Алдағы жылдары облыста 150 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге облыстық бюджеттен 449 млн теңге бөлінген. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Шолдала алабына газ құбырын өткізу бойынша құрылыс жұмыстары басталмақ. Т.Рысқұлов ауданында Ақыртөбе газ реттегіш станциясы да салынатын болады.




Яндекс.Метрика