Инвестициялар

Өзбекстан кәсіпкерлері Астанадағы бизнес форум туралы айтып өтті (ВИДЕО)

Өзбекстан кәсіпкерлері Астанадағы бизнес форум туралы айтып өтті, шараға жеңіл өнеркәсіп және машина жасау, фармацевтика, астық өнеркәсібі мен құрылыс саласындағы 100-ден астам өзбек компаниясы қатысты.
Нұр-Сұлтан 24 Наурыз, 20:41

«Совпластитал» АҚ бірлескен кәсіпорны 1987 жылы құрылды.Өнеркәсіпте  пластмасс, фарфор, керамика мен шыныдан заттар дайындалады. Тауардың 10 мың түрі шығарылады. Бүгін қазақстандық тарап өкілдері заттарымызға аса қызығушылықпен қарап, тамсанып жатыр», - деді  «Совпластитал»  АҚ бас директоры  Александр Мелкумов.

«Uztex Chirchik» ААҚ ЖК коммерциялық директоры Равшанбек Гулямов «UZTEX Group» компаниясын таныстырды, ол вертикальді-ықпалдасқан компания болып табылады,  оны  8 зауыт құрап отыр.

«Бүгінгі таңда топтың жалпы айналымы жүз миллион доллардан астам қаржыны құрайды.  Біз тоқыма, дайын тоқыма өнімдері мен мата және орамалдарды экспорттаймыз», - деді Р.Гулямов.

«Хунарманд» қауымдастығы төрағасының орынбасары Чори Шодиев  көнерген  Лавх бұйымы туралы айтып берді.  Ол кітаптарға арналған ағаш тіреуіш.

«Бұл ағаш жаңғағынан  дайындалған өнім,  кез келген ағаштан мықты материал жасауға болмайды. Мұның  төрт құпиясы бар. Оны жасайтын шебер ғана біледі. Олар лавх деп аталады», - деді Ч.Шодиев.

Шебер өз кезегінде  құпиялар туралы айтып өтті.

«Бұл ағаштың бір бөлігі жаңғақ арқылы жасалады. 1 позициядан 26-ға дейін өлшеміне байланысты  трансформацияланады. Өзбекстанда  бұл көне өнер түрі болып саналады. Бұл бірнеше ғасырлар бұрын дүниеге келген үрдіс. Тіреуіш кітаптар мен телефондарға арналуы мүмкін», - деді Өзбекстан суретшілер академиясының мүшесі, ағаш бойынша ұста Ақмал Азларова.

Сыртқы экономика қызметінің  және «Узвинпром-Холдинг» Холдинг компаниясы» АҚ басқарма  басшысы  Адолат Вострикова Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық серіктесі екенін айтып өтті.

«Біз бүгін тиімді бизнес алаңдамыз. Қазақстан біздің стратегиялық серіктесіміз, шығарылатын тауардың 40 пайызы  Қазақстанға бағытталады. Бізде шыны кесу зауытымен және шырын өндіру  өнеркәсіптерімен қарым-қатынас жақсы орнатылған. Форумға қатысу жаңа бизнес байланыстарды орнатуға мүмкіндік беріп, сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттырады деген үміттеміз», - деді А. Вострикова.

Атап айтқанда, «ДжиЭм Узбекистан» АҚ автомобиль өндірісі құрылысын ұйымдастыру (SKD), мұнай тасымалдау және жеткізу,  жеміс-жидек пен көкөніс және  өңделген жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу, мұнай саласында өзара тауар экспорты жөнінде консигнация, фармацевтика, қаржы нарығындағы операцияларды жүргізу, «KaznexInvest» арқылы  шағын бизнес және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне экспорттық қолдау көрсету бойынша келісімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар қазақстандық тараптан «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС  басқарма төрағасы Аян Еренов, өзбекстандық тараптан Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы  Алишер Шайхов «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС мен Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы және Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойды.

Бизнес форумда қазақстандық және өзбекстандық кәсіпкерлердің қатысуымен B2B форматында келіссөздер ұйымдастырылып, Өзбекстанның өнеркәсіптік және тұтыну тауарларының көрмесі өткізілді.

Өзбек тауарларының көрмесіне жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, азық-түлік тауарларының өндірісі, құрылыс және т.б. салаларындағы 100-ден астам өзбек компанияларының тауарлары ұсынылды.

Айта кетейік, форумға қатысушылар саны 500-ден астам болды, оның ішінде 150-ден астам өзбекстандық кәсіпкер. Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы аясында жалпы сомасы 97 млн АҚШ доллар  шамасында 10 құжатқа (20 млн АҚШ доллары сомасында инвестициялық жоба, экспорттық-сауда саласында тоғыз құжат) қол қою рәсімі өтті. Нәтижесінде екі ел кәсіпкерлері жалпы сомасы 840 млн АҚШ долларды құрайтын 92 құжатқа қол қойды. 

Кайрат Жандыбаев

Автордың видеосы





Яндекс.Метрика