Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Өзбекстан Астанадағы бизнес форумға қандай тауарлар жеткізді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау, фармацевтика, астық өнеркәсібі мен құрылыс саласындағы 100-ден астам өзбек компаниясы Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында тауарларын таныстырды.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 15:29

Қазақстандық және  өзбек кәсіпкерлері  екіжақты келіссөздер өткізіп, өнеркәсіптік және азық-түлік  тауарларын таныстырды. 

Көрмеде қазіргі заманғы киім-кешек көрсетілді. Мәселен, «Ideal» фирмасы  Өзбекстан аумағында киім шығаратын ірі өнеркәсіптің бірі.  2006 жылдан бастап  тігін фабрикасы  жоғары сапалы ерлер киімін тігуге көшті. 

Шарада «Bofanda» Самарқанд тоқыма фабрикасы таныстырылды, ол 50 жыл бойы тоқымамен айналысып келеді.

«Namangan Momiq Sochiqlari» ААҚ компаниясы «Art Soft Tex» брендімен танымал, 100 пайыз өзбек  мақтасынан жасалған орамалдар, халат, жамылғыларды шығарады. 

 «СовпластИтал» АҚ фарфор, керамика,  түсті айна, шығыс сувенирі мен әшекей мен картиналарды шығарады.

 «O’zbekoziqovqatxolding» Холдинг компаниясы» АҚ көкөніс пен жеміс-жидек өндіреді. Компанияда өнімнің  70 түрі бар, олар  100 пайыз табиғи болып табылады. Көп  жеміс ашық күн астында піседі. Өсіру кезінде биологиялық тыңайтқыштар қолданылады.  Өнім  50 елдің нарығында сұранысқа ие.

Форумда  кептірілген көкөніс пен жеміс-жидек таныстырылды. Қызығушылық танытқан  консервіленген ташкенттік палау  болды. 

«O’zbekoziqovqatxolding» Холдинг компаниясы» АҚ көрмеде шараптың түрлері мен сусындарды таныстырды. 

«Ангренский трубный завод» АҚ унитарлық кәсіпорны, «Алмалыкский ГМК»  АҚ  заманауи технологияларды қолдану арқылы жезді құбырларды шығарумен айналысады. 

Өзбек компаниялары косметика, медиуоменттер мен жөндеу жұмыстарына арналған құралдарды таныстырды. 

 

 

Қазақстан және Өзбекстан кәсіпкерлері арасындағы келіссөздер  В2В форматында өтті. Қорытындысында бизнес форум алаңында  840 млн доллардың  92 құжатына қол қойылды. 

Қайрат Жандыбаев, Ақбота Күзекбай

Суреттерді  авторлар ұсынды 




Яндекс.Метрика