Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан мен Қытай ШҚО арқылы халықаралық магистральді дамытуды жоспарлауда

ҚХР СУАР-да қазақстандық делегация ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен қытайлық тараппен Қарамай-Тачен-Аягөз транзиттік темір жол құрылысы бойынша қытайлық тараппен келіссөздер өткізді.
Шығыс Қазақстан 24 Наурыз, 16:27

Жоба өңірлік-географиялық басымдылыққа ие, даму үшін үлкен әлеуеті бар. Халықаралық магистраль Қытайдың  солтүстік-шығысын. Қазақстан, Ресей  және Еуропаны жалғайды. Магистральға қазақстандық тараптың қосылуы  үшін  ұзындығы  270 шақырым  Бақты-Аягөз темір жолын салу қажет.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, кездесу қорытындылары бойынша тараптар  Бақты-Аягөз және Қарамай-Тачен-Аягөз  учаскесінің құрылысын алдын ала зерттеу бойынша меморандумға қол қойды.

«Аталмыш жобаны жүзеге асыру жаңа перспективаны ұсынады. Бұл жүк тасымалдаудың уақытын қысқартады», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Қытайлық тараптың болжамы бойынша, жобаны жүзеге асыруда  жүк тасылымы  2020 жылға қарай  1,85 млн тоннаны, 2030-ға қарай  3 млн тоннаны құрауы керек. 





Яндекс.Метрика