Ұлттың денсаулығы

Маңғыстау облысында 150 орындық аурухана салынады

Маңғыстау облысында 150 орындық аурухана салынады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау24 Наурыз , 14:32

Қазіргі аурухана 1967 жылы 40 төсекті тораптық теміржол ауруханасы ретінде салынған, ал бүгінгі таңда аудандағы халық саны артып, 140 мыңға жетті. Емханада 52 дәрігер мен 107 медбике қызмет етеді.

«Мұнайлы ауданының құрылғанына дейін бұл жерде 2 дәрігерлік амбулатория мен 1 стационар ғана болды. Қазіргі уақытта 7 дәрігерлік амбулатория мен 3 стационар қызмет етеді. Барлығы халыққа 14 медициналық нысан қызмет көрсетеді» , - деді Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев.

2013 жылы 150 төсекті аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. 4 блоктан тұратын ауруханада перзентхана, хирургиялық, терапевтік, жұқпалы аурулар бөлімі, балалар және қосалқы диагностикалық бөлім қарастырылған. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаты түзетуге жіберілді, шамамен 2017 жылдың мамыр айында дайын болады. Содан кейін оны Денсаулық сақтау министрлігіне тағы да жолдаймыз. Маусым айының соңында бюджет бекітіледі. Осы айдың аяғында құрал-жабдықтардың тізімі келеді.

20-мамырға дейін Маңғыстау ауылынан салынатын 150 төсекті орталық аудандық аурухананың құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізіп, мемлекеттік сараптамасын алуға уақыт беремін. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің бекітілуі кезінде «Маңғыстау ауылынан салынатын 150 төсекті орталық аудандық аурухананың құрылысы» жобасын қосуды ұйымдастырсын.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Мұнайлы ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайтын ғимаратта 525 қызмет түрі көрсетіледі. Күніне ХҚКО қызметкерлері 500-600 адамды қабылдайды. Уақытша тіркеуден өткізу кезінде күніне 1000 тұрғынға қызмет көрсеткен.

 

 




Яндекс.Метрика