EXPO-2017

«Қазақстан Камератасы» ЭКСПО-2017 көрмесінде эксклюзивті концерттік бағдарламаларын ұсынбақ

21-23 маусымда әйгілі классикалық музыка ансамблі халық әртісі Гаухар Мырзабекованың басшылығымен ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында өнер көрсетеді, деп хабарлады ұлттық компания.
Нұр-Сұлтан 24 Наурыз, 13:09

«Қазақстан Камератасы» әнқұмарларды «The Beatles go Baroque» және «Көшпелілер әуені» атты екі бірегей бағдарламамен таныстырады.

«The Beatles go Baroque» бағдарламасы – барокко композиторларының стилінде көркемделген Битлздің аңызға айналған әндері. «Көшпелілер әуені» репертуарына түркі тілдес композиторлардың үздік туындылары енген.  

Биыл «Қазақстан Камератасы» өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. 





Яндекс.Метрика