Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

2013 жылғы басты міндет – үш кезекті және апаттық жағдайдағы мектептерді жою – ҚР БҒМ басшысы

Үш кезекті және апаттық жағдайдағы мектептерді жою, сондай-ақ, оқыту мекемелерінің материалдық базасын жаңғырту 2013 жылдың басты міндеті болып табылады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ведомствоның ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен білім беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның 2012 жылы жүзеге асырылу қорытындылары мен 2013 жылғы міндеттері туралы кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзінде.
Казахстан31 Қаңтар , 00:00

«2013 жылдың басты міндеті  үш кезекті және апаттық жағдайдағы мектептерді жою және материалдық базаны жаңғырту болып отыр. Бұған Мемлекет басшысы Үкімет отырысында айырықша мән берді», - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар ол, «өз тәжірибемізге сүйенсек, біз біреуін жойып жатсақ, екіншісі пайда болып жатады», деді мектептерді жөндеу проблемалары туралы.

Ведомство басшысы «мәселені түбегейлі шешу үшін жаңа нақты тетік» әзірлеу қажеттігін  бас айтты.

Б.Жұмағұлов атап айтқандай, жаңа тәсілдер «бір жыл бұрын жоспарланатын күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу арқылы апаттылық жағдайын болдырмауы» қажет.

"Мұнда негізгі жауапкершілік әкімдіктерге жүктеледі", - деп қосты министр.




Яндекс.Метрика