Су ресурстарына арналған жаңа саясат

«Каспий» су тұщыту зауыты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді арттырады

Осы жылы зауыт жаңартылғаннан кейін қуатын тәулігіне 20 мың текше метр суға дейін арттырды. Ол өз кезегінде Мұнайлы ауданының Батыр мен Атамекен ауылдарын, Қарақия ауданының Құрық ауылын, барлығы 90 мың тұрғынды сапалы ауыз суымен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау 24 Наурыз, 12:23

«2019 жылдың бірінші тоқсанында зауыттың тәулігіне 40 мың текше метрге дейін су өндіруі үшін, зауытты жаңғыртудың екінші кезеңін қарап шығуыңызды сұраймыз. Бұл кезеңді дамыту жоспары – бес миллиард теңгені құрайды. Қаржының бір бөлігі ескі құрылғыларды жаңартуға, жаңа құбырлардың құрылысына, автоқұйғыш машиналарды жаңартуға жұмсалатын болады. Ол өз кезегінде Түпқараған мен Маңғыстау аудандарын жүйеге қосуға, СЖОБ-4 арқылы техникалық судың жіберілуін Ақтау қаласының солтүстік бөлігіне ауыстыруға мүмкіндік береді. Зауыт өте жақсы орналасқан, бұл жерден барлық аудандардың орталық магистралі өтеді. Апаттық жағдай болған кезде, МАЭК-пен бір-бірімізді алмастыра аламыз. Біз жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, екі зауыттың суын араластырсақ адам денсаулығына зиян келмейді», - деді «Каспий» су тұщыту зауытының директоры Владимир Мурашко.

Зауыттың әлеуетін 100-120 мың текше метрге дейін өсіруге болады

 

 





Яндекс.Метрика