Инвестициялар

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 5 млрд долларға арттырады

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 5 млрд долларға арттырады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 24 Наурыз, 10:24

ТМД елдері  ішінде Өзбекстан Ресейден кейін Қазақстанмен өзара сауда  көрсеткіші  бойынша екінші орындар тұр.

Н.Әлтаевтың айтуынша, Өзбекстанмен ынтымақтасу  кәсіпкерлермен жұмыс істеуде ғана үлкен серпін бермейді.  Өзбекстанда  қазақстандық қатысумен 230 кәсіпорын жұмыс істейді, Қазақстанда  Өзбекстан резиденттерінің қатысуымен  130 кәсіпорын бар.

«Бұл көрсеткіштерді арттыруға болады. Қазақстан жанында  екі үлкен нарық бар – Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясы. Бұл қазақстандық  кәсіпкерлер күшімен ғана алынбайтын ірі нарықтар, бұл елдерден келетін  тауар өте ауқымды. Бауырлас елдер , Қазақстан мен Өзбекстан   кәсіпкерлері арасындағы     кооперация  аталмыш нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Өзбекстан  бизнесті дамытатын үлкен мүмкіндікке ие. Бұл жер, адам ресурстары мен өнеркәсіптік  әлеует», - деді Н.Әлтаев.

Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасының  стратегиялық бағыттарының бірі Қазақстан мен Өзбекстан  бизнесін  астық және жеңіл өнеркәсіпте   кооперациялау  болып табылады. Бұл салаларда өзбек серіктестерінде тәжірибе баршылық, олармен бірлесе Қазақстан шекаралас елдердің нарығына шыға алады.

«Бұл жерде бәсекелестіктен  қорықпау керек, білімді кәсіпкерлер  оны түсінуі керек.  Бизнес-форумның көрмесінен көруге болады, шикізаттың бастапқы түрін  толыққанды өнеркәсіп үшін қолдануға болады. Өзбекстанда   тоқыма саласы жақсы дамыған, бізде тігін кәсіпорындары өте көп, бірақ  мата шығаратын арнайы орындар жоқ.  Сондықтан да барлығы шетелден сатылып алынады», - деді Н.Әлтаев.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары  айтып өткендей,  Өзбекстаннан  шикізат сатып алудың жақсы мүмкіндігі бар,  ол ресейлікке ұқсас әрі арзан бағаға беріледі.

Айта кетерлігі, екі елдің үкіметіне  2020 жылға дейін  тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізу тапсырылды.

Қазақстан-Өзбекстан  бизнес форумында  97 млн  доллардың  10 құжатына қол қойылды.

Форумға  екі елден  500-ге жуық  кәсіпкерлер мен  ұлттық компания өкілдері қатысты, оның ішінде  250 адам өзбек тарапын таныстырды.

Ақбота Күзекбай

Фото: Қайрат Жандыбаев 





Яндекс.Метрика