Өңірлер

Алматыда «Нұрлы жер» бойынша кезекте тұрғандар жалға берілетін пәтерге ие болды (ФОТО)

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың ең белгілі объектісі – Атлетикалық ауылдан сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге ие болды, деп хабарлады «Бәйтерек» Холдингі.
Алматы қаласы 24 Наурыз, 11:42

Мемлекет Басшысының бастамашылығымен жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың 2000 аса отбасы толығымен әлеуметтік инфрақұрылым жүргізілген перспективалық шағынауданның тұрғындары аталатын болады.

Пәтерлерді көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік органдардың қызметкерлері ала алады.

КИК мәліметінше, ағымдағы жылы Алматы қаласындағы кезекте тұрғандарға Компания сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беру бағыты бойынша тағы да 1780 пәтер ұсынуды жоспарлап отыр.

Ол - 47 үйден тұратын тұрғын үй кешені Түрксіб ауданында орналасқан Жас Қанат шағын ауданы. Жалпы аймақ бойынша Нұрлы жер бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 190 мың ш. м. болатын тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлаудамыз, бұл 3000-нан аса пәтер, сол себепті жаңа қоныс аудару бақытына кенелетіндердің саны арта түспек.

Пәтерлер таза әрленген күйде тапсырылады, оны салу кезінде заманауи, экологиялық таза материалдар пайдаланылды. Кешен аумағы қазіргі заманға сай бейнебақылау, кіріп-шығуды бақылау және өрт сөндіру жүйесімен  жабдықталған.

Мұнда ХҚКО, емхана, супермаркет, банк пен пошта бөлімшесі, полицияның тірек пункттері жұмыс істейтін болады. 7000 адамдық мешіттің құрылысы жоспарлануда, қазақ ұлттық асханасымен мейрамхананың, ұлттық аспаптардың мультимедиялық мұражайының, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының және қолөнер кәдесыйларын сату орталығының жұмыстары ары қарай жалғасады.

 

 





Яндекс.Метрика