Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада отандық өндірістің пилотсыз технологиялары тестіленді

«Қазақстан Ғарыш Сапары» мамандары қазақстандық пилотсыз ұшу аппараттарын (ПСҰА) жасады, деп хабарлады компания.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 10:43

Компания басшылығы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК" АҚ пилотсыз технологиялары" жобасының тұсауын кесті, онда жер ресурстарын басқару, геодезия, қала құрылысы, көлік, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, энергетика, тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібі, ұлттық қауіпсіздік салаларында ПСҰА қолданудың технологиялық шешімдері туралы айтылды. 

"Пилотсыз технологиялар" 50 метрге дейінгі биіктікте ұшуды жүзеге асырады. Ұшу көрсетілімдері Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының аумағында өтті. 

Компания Қазақстан Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен құрылып, кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» деп аталған.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК" АҚ ғарыш саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатыса отырып, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге, ғарыш жүйелері мен кешендерін құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге бағытталған технологияларды енгізуге баса назар аударады. 




Яндекс.Метрика