Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Алғашқы «Алматы-Ташкент» халықаралық жүрдек пойызы Өзбекстанға келіп жетті

«Алматы-Ташкент» халықаралық жүрдек пойызы Өзбекстанға келіп жетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде24 Наурыз , 09:52

Халықаралық пойыздың келу салтанатына екі елдің теміржол саласының, ҚР мен ӨР елшіліктерінің, қазақстандық диаспораның өкілдері қатысты.

Олардың қатарында Қазақстан теміржол саласының ардагері Қ. Сәмбетов, М. Хамзин, «Узбекистон темир йуллари» АҚ төрағасының орынбасары М. Раджапов, «Өзбекстан теміржол жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Ж. Нұрмұхамедов, ҚР-ның Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі В. Төреханов, Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы С. Үсенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орта Азия бойынша өкілдігінің жетекшісі Н. Кенжебеков қатысты.

Өзбекстан теміржол компаниясының өкілдері Алматы-Ташкент халықаралық бағдарының болашағы зор екендігін атап өтті.

« «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы 400 орындық замануи пойыз. Ол Алматы мен Ташкенттің ірі туристік орталықтарын байланыстырады. Ташкент тарапынан Алматыға келушілер басым. Біздің азаматтар қазақстандық мегаполистік тау шатқалдарындағы курорттық өңірлерін көрсетуге мүдделі. Қазақстандық туристер Өзбекстанның Самарқан, Бұқара, Хиуа қалаларын көргісі келеді»,-дейді «Өзбекстан теміржол жолаушылар тасымалы» АҚ бөлім бастығы Б. Егембердиев.

Қазіргі таңда пойыз аптасына екі рет қатынайды. Болашақта сұраныс көбейетін түрі бар. Айта кетерлігі, бұл пойыздың жолаушыларына шекаралық бекеттердегі тексеруден өтуде жеңілдіктер қарастырылған. Ол небәрі 1,5 сағатты ғана алады.

 

 




Яндекс.Метрика