Адами капитал

«Спасск» оқу-жаттығу орталығында артиллерия кіші мамандарының алғашқы шығарылымы өтті (ФОТО)

«Спасск» оқу-жаттығу орталығында артиллерия кіші мамандарының алғашқы шығарылымы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 24 Наурыз, 10:19

Қазақстан Қарулы Күштері әртүрлі әскери бөлімдерінің келісімшарт бойынша 60-тан аса әскери қызметшісі оқудан өтті. Олар өздерінің кәсіби біліктілігін шыңдап, көп нысаналы жеңід броньдалған тартқышты жүргізу машықтарын жақсартты.

Оқу қорытындысы бойынша ұлан сержанты Елдос Мәметов үздіктердің бірі деп танылды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшісі жауынгерлік даярлықтың үздігі болып табылады. Курста ол кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін паш ете отырып, оқу бағдарламасын тез меңгеріп алды. «Қазіргі кезде Д-30 гаубицасы батареясының сержанты болып табыламын. Артиллерияның кіші мамандарын даярлау курсын өткеру барысында алған білімім мен тәжірибем әрі қарайғы қызметте бір кәдеге жарап қалатынына кәміл сенімдімін», - дейді Елдос.

Оқу взводының командирі аға лейтенант Алексей Щаевтың айтуынша, барлық курсанттар тәртіпті және жауапты. «Математика, геометрия және көптеген жанама нақты ғылым қажет артиллериялық істе қарым-қабілетсіз, әсіресе, кездейсоқ келген адамдар болмайды», - дейді ол артиллерияшы сержанттардың жақсы дайындық деңгейін атап өтіп.


 





Яндекс.Метрика