Өңірлер

Мұнайлы ауданында 12 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Мұнайлы ауданында 24 пәтерлік төрт қабатты 20 үй салынады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау24 Наурыз , 11:14

Алғашқы 12 үйдің құрылысын шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Әр нысанда 10-20 шақты қызметкер жұмыс жасайды, олардың көбісі аудан тұрғындары.

«Барлығы 7 мердігер мекеме қызмет етеді. Бүгінгі таңда тұрғын үй алу кезегінде 2517 адам тұр. Бұл үйлердің аяқталысымен, 288 тұрғын үй баспанамен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Қалған 8 үйдің құрылысына тиісті қаражат бөлініп, қазіргі уақытта тендер өткізілуде. Ол үйлердің құрылысын келесі жылдың ортасында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оған коммуникация жүргізу үшін 1 млрд. 233 млн. теңге көлемінде қаражат қажет. Жобасы дайын тұр.




Яндекс.Метрика