Басқару

Н.Назарбаев пен Ш. Мирзиёев Астана қаласының көрнекті орындарын аралады

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Астана қаласының көрнекті орындарын аралады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 23 Наурыз, 20:39

Қазақстан Президенті мен елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында болып, «Қыз Жібек» операсының дайындығын көрді.

Назарбаев Университетінде болған екі елдің президенттері білім ордасының даму жоспарымен, өнеркәсіпті автоматтандыру зертханасымен, оқу орнының зерттеушілік жобаларымен және физика-математика зертханасымен танысты. Ш.Мирзиёев университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев ресми ашылған «MEGA Silk Way» сауда және ойын-сауық орталығының сауда-көрме павильондарын аралап көрді. Сондай-ақ екі ел президенттері «Cirque du Solei» әртістерінің Монте-Карлодағы халықаралық фестивалінің жеңімпаздары қойған шағын театрлық көрініс пен акробатикалық шоуды тамашалады.

Мемлекеттер басшылары қаланың көрнекті орындарын аралап көрген соң «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының барысымен және оның макетімен танысты.

 





Яндекс.Метрика