Мәдениетті жаңғырту

Астана Наурыз мерекесін қалай тойлады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бұқаралық тойлау Наурыз мерекесіне орай Астанада өтуде. «Хан шатыр» СОСО алаңында 19 киіз үй тігілді. Әрбір киз үйдің маңынан қазақтың дәстүрі көрсетіліп, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 16:43

Таңертеңнен бастап ұйымдастырушылар Елбасының келуіне дайындалды. 

Этноауылда нағыз қазақ батырларын кездестіруге болады. Қала тұрғындары мен қонақтар олармен суретке түсе алады. 

Шара қонақтары алтыбақан теуіп,  қазақша күрес, кір көтеру, арқан тарту ойындарына қатыса алады. 

Этноауылда  жәрмеңкелік базар бар. Онда ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлерді алуға болады. 

Этноауыл орталығында  үлкен тайқазан орнатылған – ол қазақ халқының бірлігі мен қонақжайлығының белгісі. 

Қала тұрғындары мен қонақтар құмай тазы мен бүркітті тамашалап қана қоймай, олармен қыдыру мүмкіндігіне ие болды. 

Үш күн бойы қала қонақтары мен  тұрғындар мерекелік шараларға қатысып, концерттік бағдарламадан ләззат ала алады. 

Әр киіз үйдің ішінде дәстүрлі тағамдар  дайындалды. Сондай-ақ, р ұлттық ұлттық тағамдарынан да дәм татуға болады.

Ақбота Күзекбай

Фото: автор





Яндекс.Метрика