Ұлтаралық бірлік

Өзбек этномәдени орталығы тұрғындарға сумаляқ тағамын ұсынды (ФОТО)

Астана бұқаралық түрде Наурыз мейрамын тойлауда. Басты алаңдардың бірінде 19 киіз үй орнатылды. Оның үшеуі ҚХА-ға тиесілі.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 15:03

Қазақстан бойынша  өзбек этномәдени орталықтарының  өкілі, ҚХА мүшесі  Хасан Шәріпов  барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Бүгін бізде үлкен мереке – көктемнің басы. Жер тірілетін күн. Бұл күндері адамдар бір-біріне жақсылық жасап, алғыс айтады», - деді ол.

Оның айтуынша, өзбек елі де барлық түркі елдері сияқты ұлттық тағамдарды әзірлейді.

«Наурыздың ең басты тағамдарының бірі «Сумаляк». «Сумаляк» енді өскен бидайдан жасалынады. Бидайды мейрамға дейін алдын ала дайындайды. Оны 10 күн бұрын суға шылап, тақтайға жайып, үстіне дәке жауып, суғарады. Ол 2-5 см болып өскен кезде оны майдалап турап, еттартқыштан өткізіп, бірінші реттік өнім алады. Оны сығып, суын бір ыдысқа жинап алады», - деді ол.  

Х.Шәріпов атап өткендей, дәл осылай екінші және үшінші рет қайталайды. Яғни сумалякты дайындаудан бұрын оны үш кезеңнен өткізеді. Сумаляк деген жеті әйел немесе жеті періште деген мағынаны береді. Халық осындай тіл үйірерлік дәмді тағамды дайындайтын әйелдерді періштелерге теңеген. Сумалякты тек қана әйелдер жасаған.

«Ол пісіп жатқан қазанға әр адамдардың жақындауына болмайды. Бидайды үш кезеңдік өңдеуден өткізгеннен соң үлкен қазанға мақта майын қыздырып, оған дайын өніммен бірге бір қап ұн салады. Оны 3-4 әйел араластырып тұрады. Сумаляк тез күйіп кететін тағам болғандықтан оған 15-20 шақты майда тастар салынады. Тасты жинаушылар тасқа жақсы тілектерін айтып, оны жақсылап жуып-тазалап қазанның ішіне тастайды. Сонымен қатар қазанға бүтін күйінде грек жаңғағы салынады. Сөйтіп сумаляк 18-20 сағат піседі», - деді ол.

« Сумаляқ қоюлана бастағанда оның қызғыш түсі қоңыр түске айналады. Оны тұрақты түрде араластырып тұру керек. Сумалякты 1-2 әйел дайындай алмайды. Ең аз дегенде 5 әйел дайындауы тиіс. Сумаляк дайындалып жатқанда үйге туған-туыс, көршілер қонаққа келеді. Келген әрбір қонақ құр келмей өзімен бірге бір тамақ ала келеді. 22 наурыз күні үлкен қазаннан барша халыққа сумаляк таратылады», - деді ол.

1995 жылы ҚХА бекерден  құрылған жоқ. Қазір елдегі барлық ұлт келісіммен күн кешіп отыр.

Айта кетейік, «Хан Шатыр» СОСО маңындағы этноауылға Елбасы Н.Назарбаев барған болаты.

Ақбота Күзекбай

Фото:автор





Яндекс.Метрика