Мәдениетті жаңғырту

Мемлекет басшысы Астанадағы этноауылға барды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хан Шатыр» СОСО алаңындағы этноауылға барды.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 14:07

Елдің басты мерекелерінің бірі Наурыз мейрамында елорданың негізгі алаңдарында үш күн бойы мерекелік шаралар өтеді.

Алаңда  19 киіз үй, шығыс базары мен сауда орындары, алтыбақандар  орналастырылды.

Мемлекет басшысы барлық алаңмен танысып, этноауылдағы әсермен бөлісті.

Әрбір киіз үй нақты ұйымдастыруға ие. Мәселен, бұл жерде ҚХА-ның  3 киіз үйі  орнатылды.

Айта кетерлігі, елорда тұрғындары Президентпен жеке амандасу мәртебесіне ие болды.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды  «Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мерекесімен құттыған болатын.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика