Мәдениетті жаңғырту

Елордада Наурыз мейрамы мерекелік концертпен басталды

Астаналық «Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтуде.
Астана қаласы21 Наурыз , 11:47

Мерекелік концерт ЭКСПО  туралы әнмен ашылды. Концертке қазақстандық  жұлдыздар қатысып жатыр. Ұйымдастырушылар  ерекше шоу паш етпек.

Концерттен кейін делегация Елбасының төрағалығымен  «Хан-Шатыр» СОСО жанында орналасқан  этноауылға барады. Алаңда мерекені тойлау жалғасын табады.

Айта кетейік, Астанада Наурыз мейрамын  тойлау  5 алаң мен 10 тұрғын үй ауласында  өтеді. «Хан-Шатыр» СОСО маңында  19 киіз үй құрылған   этноауыл  қоныс тепті. Сондай-ақ, алаңда шығыс базары,  сауда орындары мен алтыбақандар бар.

Қайрат Жандыбаев




Дерекнама

Яндекс.Метрика