Мәдениетті жаңғырту

Көне салт: «Ұйқыашар» – ұйқыдан ояну (ВИДЕО)

Наурызда әртүрлі рәсімдер болған, қазір олардың біршамасы ұмытылды. Оның біреуі «Ұйқыашар» деп аталады. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, доцент Асылхан Бикенов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 22 Наурыз, 10:03

«Бұл күні көне кезден  келе жатқан  қазақ әдет-ғұрпы ұлкен рөл ойнады. Біздің ұлттық  дәстүр Наурыз, наурыз көже сынды салт  халық өмірінде ерекше мәнге ие», - деді А.Бикенов.

Ол айтып өткендей, наурыз көже аталмыш мерекенің басты тағамы болып табылады. Тағам құрамына  7 нәрсе салынады: сүт, су, дақылдар, ет, тұз, май және ұн.

«Наурыз көже мерекенің символы болып табылады», - деді тарихшы.

Сондай-ақ, ол Наурыз  14 наурызда келетінін айтты.

«Наурыз  14 наурызда келеді, ескі күнтізбе бойынша ол 1 наурыз болып есептеледі. Әрбір аймақ Наурызды мерекелеп, Қыдыр-атаның батасын алған.  Бұл мереке бір ай бойы жалғасады. Алайда,  көктемгі теңесу  21-нен  22-не ауған күні  болады. Қазақтар  жаңа жыл 21 наурыз күні  түнгі 3-те келеді деген», - деді ол.

Тарихшының айтуынша, Наурыз мерекесін тойлауда, әртүрлі салт-дәстүр болған, қазір олардың көбі ұмытылып кетті. Оның бірі «Ұйқыашар» болып табылады. Бұл мерекеде бозбалалар бойжеткендерге «селт еткізер»  сыйлығын табыстаған, ондағы айна  жастықты, тарақ әдемілікті,әтір ләззатты білдіреді. Ал, қыздар өз кезегінде жігіттерді шақырып, ұйқыларын ашқан.

«Бұл күні жастар қыздарға  айна ретінде сыйлық тартса, қыздар жауап ретінде  «Ұйқыашарға» шақырды. Қазір бұл дәстүр ұмыт қалды. Наурыз тек этнографиялық қана емес, жалпыхалықтық болуы керек», - деді А. Бикенов.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Шыңғыс Қаппаров 





Яндекс.Метрика