Мәдениетті жаңғырту

Наурыз – Еуразия халықтарының көне мерекелерінің бірі (ВИДЕО)

Наурыз – Еуразия халықтарының көне мерекелерінің бірі, оның басы біздің заманымызға дейінгі IV–V ғасырдан басталады, деді тарих ғылымдарының докторы, доцент Асылхан Бикенов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 21 Наурыз, 12:14

«Наурыз - Еуразия халықтарының көне мерекелерінің бірі. Мереке  басы біздің заманымызға дейінгі IV–V ғасырдан басталады. Фирдоуси, Әль-Фараби, Абу Райхан әль-Бируни жазба декректері  бұл мейрам Еуразия халықатарының көне мерекесі екенін көрсетеді. Қазақстанның бұрыңғы тайпалары бұл мерекені  еске сақталмайтын заманнан бастап мерекелеген.  Археологиялық, жазба, этнографиялық көздердің негізінде Әбу Райхан Бируни мен  Фирдоуси атап өткендей, аталмыш мерекенің негізін қалаушысының бірі ирандық патша  Жәмшид екен», - деді тарихшы.

Ол айтып өткендей, Қазақстан өзінің тарихымен танымал, оның жерінде ирантілді ария жне сақ тайпалары өмір сүрген. Олар өздерінің салт-дстүрі мен мәдениетін бізге мұра қылып қалдырған.

«Кейбір деректер бойынша аталмыш мерекенің негізін қалаушылар зароастризмге сенген  тайпалар. Қазақстан  сол тайпалардың тұқымы болып табылады. Қазақстан аймағында аталмыш тайпалар өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін  қалдырған, ол біздің мдениетіміздің дамуына әсер етті», - деді А.Бикенов.

Ол айтып өткендей, Наурызға советтік кезеңде – 1925 жылдан бастап тыйым салынды, қазақтар оны тек  1988 жылдан бастап қана тойлай бастады.

«Қазақстан көшпенді өркениеттің бөлігі болып табылады, біз Наурыз сөзі – көне ирандық «Ноу» - жаңа және «руз» - күн сөзінен шыққанын білеміз. Бұл мереке күнтізбелік болып саналады. Көшпенділер өмір бойы экожүйемен өзара байланыста болды, сондықтан табиғаттың қайта жандануы көшпенділер мен Еуразия халықтары үшін зор мәнге ие. Наурыз мерекесі – діни мереке емес, бұл көктемнің мерекесі, біз Қазақстан мен Еуразия халқы ғасырлар бойы  келісім мен бейбітшілікте күн кешудеміз. Оның дәлелі Наурыз мерекесінің  ЮНЕСКО-да тіркелуі. Наурыз бізге тек қана жақсылық пен сттілік әкелсін», - деді А.Бикенов.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Шыңғыс Қаппаров





Дерекнама

Яндекс.Метрика