Мәдениетті жаңғырту

Астанада Наурыз бес алаңда мерекеленеді

Астанада Наурыз мерекесі 5 алаң мен 10 тұрғын үй алаңында өтеді, деп хабарлады елорданың мәдениет, мұрағат және құжатнама басқармасы.
Астана қаласы21 Наурыз , 10:41

«Хан Шатыр» СОСО-да Наурыз мерекесі 20, 21 және 22 наурызда тойланады. Атриумда үлкен сахна орнатылып, киіз үй тігіледі. Келушілер үшін қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 21 наурызда сағат 12.00-де ұлттық киім киген қыздар келушілерге бауырсақ ұсынады, мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі қыран бүркіт мерекенің сәнін келтірмек. Көрермендер арасында түрлі жарыстар өткізіліп, сыйлықтар табысталады. Көпшілік назарына акробаттар шоуы, «Шашу» биі ұсынылады. Шара соңында мықты жігіттер «Қазақ күресінде» шеберлік байқасады.

22 наурызда  «Керуен Сity» (бұрынғы «Мега») СОСО-да келушілерге бауырсақ пен басқа да тәтті-дәмділер таратылады. Ал сағат эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады, және аниматорлар көпшілік назарына қызықты шоу ұсынады.

Сонымен қатар, «Мега» СОСО-да мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар таратылады.

Осы күні сондай-ақ, «Сарыарқа» СОСО-да астаналықтар концерттік бағдарлама тамашалайды. Сағат «Аружан» СОСО-да ұлттық киім киген артистер халықты қарсы алып, ұлттық тағамдардан дәм тату үшін киіз үйлерге шақырады.

Мереке соңында «Керуен Сity» (бұрынғы «Мега») сауда орталығынығ жанында ребрендинг құрметіне 22.00-де отшашу болады.

Сондай-ақ, 21 наурызда мерекелік концерттер мен шаралар Пригородный және Үркер (Ильинка) тұрғын алаптарында, 22 наурызда Көктал-1, Көктал-2 және Өндіріс тұрғын алабында ұйымдастырылады.

 




Яндекс.Метрика