Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Алматы өндірушісінің жиһазы Миланда ұсынылатын болады

4 сәуірден бастап, 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта Миланда «люкс» класындағы «SaloneDelMobileMilano-2017» жиһаз көрмесі өтеді, онда Алматының «ADELFI» элиталы жиһаз фабрикасының өнімі ұсынылатын болады. Қазақстан жиһазы мұндай ауқымдағы іс-шараға алғаш рет шығарылып отыр, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Алматы қаласы 24 Наурыз, 08:46

«Біз ұйымдастырушылардың негізгі талаптарын орындағаннан     кейін, яғни өнімнің сапасының жоғарылығын дәлелдеп, оны біздің сәндеушілерімізбен бірлесіп, соңғы жиһаздық трендтерді түсіндіре отырып, көрмеге қатысу құқығын алдық. Аталған көрмеге шығарылатын барлық өнімдер – бұл маусымның соңғы сәндік трендтері», – деп әңгімеледі жиһаз фабрикасының атқарушы директоры Тимур Исмаилов.

Оның айтуынша, кәсіпорынның көрмеге қатысуы – бұл алматылық жиһаз жасаушыларының тек Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар, шетелдегі кең ауқымды жарнамасы, өйткені, оған жиһаздық сән өнерінің бүкіл әлемдік элитасы жиналады.

«Бізде шетелдік серіктестіктермен тиімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан басқа, біздің деректер көрме сайтында  пайда болған сәттен бастап, шетелдің әлеуетті клиенттері бізге деген қызығушылықтарын танытты», – деп Т.Исмаилов әңгімесін толықтырды.

Кәсіпорынның мүмкіндіктерінің жарнамасынан басқа, көрмеге қатысу мемлекеттің беделін асырады. «ADELFI» жиһаз фабрикасы көрмеге қатысуға кәсіпорынның көрмеге қатысуының 50% шығынын өтейтін «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігінің ықпал етуінің арқасында мүмкіндік алды.

«ADELFI» фирмасы Қазақстан нарығына 16 жыл бойы қатысып келеді және ол элиталы жиһаз өндірісінде маманданған жеке жобалар бойынша                       ең ірі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның штаты – 100-ден астам                      адам, өндірістің көлемін және сәйкесінше жұмыс орындарын арттыру бөлігіндегі қызметкерлердің айтарлықтай бөлігі – мүмкіндігі шектеулі адамдар. Сондай-ақ, фирма өзінің базасында ағашты қайта өңдеу шеберлігінің мектебін ашуды және өзінің кәсіпорнымен қатар, жалпы алғанда, ағашты қайта өңдеу нарығы үшін де мамандар дайындауды жоспарлап отыр.

 





Яндекс.Метрика