Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ШҚО тау-кен өнеркәсібі 20,7 млрд теңгеге өнім өндірген

Шығыс Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласында 2017 жылғы қаңтар-ақпанда 20,7 млрд теңгеге өнім өндірілген.
Шығыс Қазақстан18 Наурыз , 18:09

Өңірдің статистика департаментінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістер 229,7 млрд теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндіргенін мәлімдеді, бұл өндірістің республикалық көлемінде 6,5% құрады. Өнеркәсіптің өнімнің физикалық көлем индексінің көрсеткіші 2016 жылғы қаңтар-ақпан кезеңімен салыстырғанда 105,8%-ға бағаланған.

Осы ретте, тау-кен өнеркәсібінде 2017 жылғы қаңтар-ақпан кезеңінде 20,7 млрд теңгеге өнім өндірілген, бұл өткен жылғы сәйкес кезең деңгейінен 11,4% жоғары. 

Өңдеу өнеркәсібінде 2017 жылғы қаңтар-ақпанда 186,9 млрд теңгеге өнім өндірілген, есепті кезеңдегі физикалық көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 105,6% құраған. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика