Экология

Наурыз мейрамы қарсаңында Шымкент МӨЗ 400 көшет отырғызды

Наурыз мейрамы қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны болып табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Шымкент мұнай құбырлары басқармасының қызметкерлері «Нұрсәт» мөлтек ауданы аумағында төрт жүзден астам тал мен гүлдер, сол секілді жалпы аумағы 1930 шаршы метр жерге көгал екті.
Южно-Казахстанская область18 Наурыз , 17:06

Қазақстан қалаларында ағаш егу «ҚазТрансОйл» АҚ ұжымының 20 жылдық құрметіне арналған әлеуметтік акциясының бірі. Ол «Компанияның 20 жылдығына – 20 игі іс» шаралар жоспарына еніп отыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 20 жылдығы құрметіне компания «Компанияның 20 жылдығына – 20 игі іс» шаралар жоспарын дайындады.

Ігі істер жоспарындағы алғашқы жоба «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері арасындағы 20 жылдықтың үздік логотипі мен үздік ұрансөзін ойлап табуға арналған конкурс 2017 жылғы қаңтар айында бастау алды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика