Инфрақұрылымның дамуы

Ақмола облысында 2 айда 1036 пәтер салынды

2017 жылғы қаңтар-ақпанда облыс аумағында жалпы алаңы 112,2 мың шаршы метр тұрғын ғимараттар барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 142,2% құрады, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.
Ақмола18 Наурыз , 16:37

Едәуір тұрғын ғимараттар көлемі 67,3 мың шаршы метр жеке меншік нысаны салушыларымен пайдалануға берілген.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үй құрылысына инвестициялардың 4039,2 млн. теңгесі бағытталды, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 14,2 жоғары. Тұрғын үй құрылысы инвестицияларының негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 24,9% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың елеулі өскені 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Зеренді (4,8 есе), Целиноград (2,6 есе), Қорғалжын (94,5%-ға) аудандарында белгіленді. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы көлемінің негізгі үлесі Көкшетау қ.ә. (46,1 мың шаршы метр немесе 41,1%) және Целиноград ауданына (44,5 мың шаршы метр немесе 39,7%) келеді.

1036 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпанға 166,8% құрады.

Қалалық және ауылдық жердегі пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңның үлесі, тиісінше, 52,2% және 47,8% құрады (2016 жылғы қаңтар-ақпанда  – 61,4% және 38,6%).

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика