Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда найзағай белсенділігін тіркеу желісі әзірленуде

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі Аэроғарыш комитеті «ҰҒЗТО» АҚ-нің Ғарыштық техника және технологиялар институтыатмосфера-литосфералық байланыстарды зерттеуге арналған найзағай пеленгілеу жүйесін әзірлеуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Казахстан18 Наурыз , 16:04

Аталған жүйе Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан,  автоматты режимдегі электрмагнитті ұйытқуларды тіркеуге арналған  8 инстрациялы желіден тұрады.

Бұл жүйе стансалары бір-бірінен 100-200 км. қашықтықта орналасқан, станса жабдықтары электрмагнитті ұйытқуларды тіркеуге арналған 2 антеннадан (магнитті және электрлі), Ғарыштық техника және технологиялар институтының орталық серверіне ұялы байланыс арқылы тіркелген найзағай туралы ақпаратты тасымалдау үшін контроллер мен GPS-антеннадан тұратынынатап өткен жөн.

Жүйе жұмыстарының нәтижелері найзағайдың әрбір разряды, оның 1 000 км дейінгі қашықтықтағы шеңберде болған жері мен уақыты туралы ақпарат болып табылады. 

Бұл ақпараттарды пайдаланушылар метеорологиялық  қызметтер, ТЖ жауапты қызметтер, ғылыми-зерттеу институттары, азаматтық авиация, электр желілерінің операторлары, мұнай-газ өндіретін және геологиялық барлау кәсіпорындары болып табылады.

2017 жылдың соңында дайын болған Жүйені пайдалануға енгізу және елдегі барлық мүдделі кәсіпорындар мен қызметтерге Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы найзағай белсенділігі туралы деректерге шұғыл қолжетімді ұсыну жоспарлануда. 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика