Инвестициялар

Ақмола облысының инвестиция көлемі 34,1%-ға пайызға артты

2017 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 16227,8 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпаннан 34,1% артық. Инвестициялардың республикалық көлемінде Ақмола облысының үлесі 2,3% құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Ақмола18 Наурыз , 15:32

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір бөлігін кәсіпорындардың меншікті қаражаты (67%) алады. Есепті кезеңде инвестициялардың жалпы көлемінде бюджеттік қаражаттың үлесі 3,2%, банктердің кредиттері – 18,3%, басқа да қарыз қаражаты – 11,5% құрады.

Шығын түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен машиналар, жабдықтар, көлік, құрал-саймандарды сатып алу және құрделі жөндеуге 49,1% келеді, ғимараттар мен имараттарды салу және құрделі жөндеу жұмыстарына – 46,2%, өзге де шығындарға – 4,7%.

Инвестициялардың ең үлкен көлемі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (үлесі инвестициялардың жалпы көлемінде 31,5% құрады), өнеркәсіпке (25,5%), ауыл, орман және балық шаруашылығына (23,8%) бағытталды.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда облыс бойынша негізгі капиталға салынған ішкі инвестициялар 15075,8 млн. теңге, сыртқы – 1152 млн. теңгені құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көбеюі 2016 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда облыстың он үш аудандарында, Көкшетау және Степногор қ.ә. белгіленді. Елеулі өсуі Атбасар (5,1 есе), Шортанды (4,3 есе) және Зеренді (2,5 есе) аудандарында байқалды.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика