Халықаралық интеграция

Қазақстан ЭСКАТО-мен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Ақпарат және коммуникациялық технологиялар және апат тәуекелін төмендету бөлімінің директоры (ЭСКАТО) Тициана Бонапачемен кездесті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан18 Наурыз , 15:03

Министр кездесуді аша отыра, Қазақстан мен ЭСКАТО арасындағы ынтымақтастық барысында түрлі салаларда жетістіктерге қол жеткізілгенін атап кетті. Оның ішінде ЭСКАТО бағдарламаларында теңізге шығар, инвестициялық ынтымақтастық және сауданы дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару жолы жоқ елдердің мәселелері бойынша.

Сүлейменов Қазақстан тұрақты негізде ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессияларына қатысатынын, сондай-ақ Комиссия сессияларында қабылданған бірқатар резолюциялардың бірлескен авторы екендігін және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендігін атап кетті.

Ол сонымен қатар, Қазақстан 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі екендігін еске салды, ол  Қазақстанға БҰҰ түрлі институттарының жұмысында үлкен жауапкершілік жүктейтінін белгіледі.  

«Адами капитал, «жасыл экономика», ғылым және инновация, энергетика, мемлекеттік басқару және интеграция сияқты тұрақты дамудың негізгі салаларында ынтымақтастықты нығайтуды ұсынады» - деді Сүлейменов.

Министр Бонопаче ханымды  ЭКСПО-2017 халықаралық көрме шеңберінде Астана қаласында 2017 жылғы  15-16 маусымда өтетін 10-шы Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды.

Бонопаче ханым өз кезегінде Қазақстанның осы салада айтарлықтай прогрессін белгілеп, министрді ЭСКАТО-мен нығайтылған ынтымақтастыққа байланысты бастамаларды ілгерілеткені үшін алғысын білдірді. Ол осыған қоса, ұйыммен белсенді жұмыс жалғастыруға шақыра отыра, Қазақстанның ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессияларына одан әрі қатысуы жемісті болатынына үміт артты. 

 

 




Яндекс.Метрика