Мәдениетті жаңғырту

СҚО әкімі Наурыз мейрамын тұрғын үй–жайларында қарсы алудан бастауды ұсынды

Cолтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Наурыз мейрамы қарсаңында облыс жұртшылығымен кездестi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан18 Наурыз , 14:32

«Мереке алдында сiздiрмен арнайы кездесуiмдi жөн деп көрдiм. Өздерiңiз көрiп, естiп отырсыздар, екi күн iшiнде бүкiл аудан әкiмдерiн, қала әкiмдерiнiң есептерiн тыңдадым, қабылдадым , кеше басқарма мен департамент басшыларымен араласып, олармен де ой-пiкiрлесiп, проблемаларды талқыладық», — дедi облыс әкiмi.

Облыс әкiмi қатысқан iс-шараға ҰОС, еңбек, спорт ардагерлерi, Қазақстанның Еңбек сiңiрген қайраткерi, облыстың құрметтi азаматтары, қоғамдық кеңестердiң төрағалары қатысты.

«Мiнекей бүгiн үлкен мерекенiң алдында қоғамдық пiкiрдi қалыптастыратын азаматтармен кездесудi ұйымдастыруды жөн санап, ойларыңызбен бөлiсiп, пiкiрлерiңiздi, ұсыныстарыңызды тыңдау үшiн алдарыңызға келiп отырмыз», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, көктем мерекесiн тек қалалар мен ауылдардың алаңдары мен көшелерiнде тойламай, сондай-ақ, әр аулада да тойлауды ұсынды.

«Осы жылы бiздер Наурыз мейрамын аулалық аумақтар мен тұрғын үй–жайларында қарсы алудан бастасақ, жақсы дәстүр болар едi. Аулалардағы кiре-берiстердi, балалардың ойын алаңдарын, тротуарларды, арықтар мен жауын-шашын кәрiз жүйесiн қардан тазарту, соңында, мүмкiндiгiнше, барлық ауламен мерекелiк дастархан жайып, күш пен шыдамдылықты тексеретiн ұлттық ойындарды ұйымдастыру. Осы барлық iс-әрекеттер бiздегi бiрлiк рухы мен ынтымақтастығымызды одан әрi нығайтатынына сенiмдiмiн», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Петропавлда тұрғын алабында 400-ден астам аула бар.

Көне заманнан берi Наурыз мейрамы жандану мен табиғаттың жаңаруын бiлдiредi. Сонымен бiрге, бұрынғы заманда Наурыз келгенге дейiн адамдар өз үйлерi мен шаруашылығын тазалық пен тәртiпке келтiрген. Наурыз таза үйге келсе, ауру-сырқат, сәтсiздiктер, қасiрет үй иелерiнен айналып кетедi деп сенген.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика