Инфрақұрылымның дамуы

Павлодар облысында аяқталмай қалған құрылыстарды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Павлодар облысының әкімі өңірдегі барлық аяқталмай қалған құрылыстарды қалпына келтіруді тапсырды. Болат Бақауов қаңырап бос тұрған немесе құрылыс жұмыстары аяқталмаған үйлерді қалпына келтіруді талап етіп отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар18 Наурыз , 12:07

Аймақ басшысы құрылыс, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының алқасында тапсырма берді.

Қалқаманда да, Ақсуда да, Екібастұзда да бар проблемалы үйлер бойынша шешім қабылдау қажет. Облыста бірде-бір құрылыс аяқсыз қалмауы керек.

Қалқаман кентіндегі бос тұрған төрт үйдің біреуін қалпына келтіру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзір, жақында ол сараптамаға өткізілетін болады.

Бір үйді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың болжалды құны бар - 243,2 миллион теңге.

 




Яндекс.Метрика