Евразиялық одақ

Қазақстан Қырғызстанға ел экономикасын ЕАЭО талаптарына бейімдеуде көмек көрсетеді

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысы аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Қырғызстанға Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелігіне байланысты ел экономикасының бейімделу процесінде техникалық және қаржылай көмек көрсету туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлады комиссия.
Әлемде18 Наурыз , 10:54

«Біз ЕАЭО мемлекеттері тарапынан қолдау барынша қысқа мерзімде интеграцияның барлық басымдықтарын пайдалануға, республика кәсіпорындарының өзара саудаға қатысуын арттыруға және елдегі өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Мен президенттер деңгейінде қол жеткізілген келісушіліктер қол қойылған келісімдер ретінде жүзеге асқанына қуаныштымын», – деп атап өтті Қырғыз Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Олег Панкратов.

Қырғызстанның вице-премьерінің айтуынша, республика одақ елдеріне жеткізілетін тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік беретін жағдайлар жасау үшін үлкен жұмыс атқарған.

«Қазақстаннан түскен қаражат қажетті инфрақұрылымды, атап айтқанда, ветеринариялық және фитосанитариялық зертханаларды жаңғырту мен дамытуға бағытталатын болады», – деп мәлімдеді О. Панкратов.

Қазақстан қаржылай қолдау көлемдерін 7 млн-нан 41 млн долларға дейін ұлғайтпақ. Қаражат инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде Қырғыз Республикасындағы бақылау-өткізу бекеттері мен зертханаларды салуға, жаңғыртуға және толық жарақтандыруға жұмсалады.

Сондай-ақ, екі елдің өзара іс-қимылы процесі де оңайлатылады. Қырғызстан мен Қазақстан көмек көрсету шарттары мен форматтарын айқындайтын уәкілетті органдарды келісті.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғызстаннан Қазақстанға әкелуге рұқсат етілген өнімдер тізбесін кеңейткен болатын. 




Яндекс.Метрика