«Жақында бір ән жаздық. Талантты адам барлық жағынан талантты болады демекші, ән қарапайым әрі жақсы шықты. Бүгін осы жиналған қонақтардың алдында сахнада барынша тырысып көремін. Бүгінгі мерекелеріңіз тағы да құтты болсын», – деді А. Винокуров.
Олимпиада чемпионы Кэти Топуримен дуэт құрып, мерекелік нөмірін жақсы орындап шықты.
Астаналық Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, 15 ұлттық олимпиадалық комитеттің президенттері мен өкілдерінің, олимпиада чемпиондарының қатысуымен ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығын атап өтуге арналған салтанатты кеш өтіп, онда отандық спортшыларымыз ресейлік және қазақстандық эстрада жұлдыздарымен дуэт құрып, көрермендер алдында өз өнерлерін көрсетті.
Қайрат Жандыбаев
Автордың видеосы