Ұлттың денсаулығы

АОК басшысы спорттың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президентіне алғыс айтты

ҚР Президенті мен қазақстандықтарға құттықтау сөз жолдаған Ұлттық Олимпиада Қауымдастығының басшысы және Азия Олимпиада кеңесінің басшысы Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах ҰОК 25 жылдығының маңыздылығын атап өтті. Мерекелік концерт астаналық Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті.
Нұр-Сұлтан 17 Наурыз, 18:05

«Тәуелсіздікті алған соң  қазақстандық  атлеттердің көптеген жетістіктері мен жеңісі  жас елге  табыс пен танымалдылық сыйлады. Халықаралық  олимпиадалық қауымдастық атынан  ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевқа  Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқаны үшін  алғыс айтамын», - деді Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах .

Сондай-ақ,  ол қазақстандық Олимпиада отбасы мүшелеріне  спорттағы табысқа жетелейтін  мықты іргетас қалағаны үшін  алғыс айтты.

«Біз Қазақстанның  позициясын  Олимпиадалық  қозғалыс  мүшесі ретінде   нығайту үшін  аз күш жұмсалмады. Өткен жылдардағы тәжірибе мен спорттық дәстүрге сүйене отырып, сіздер  сенімділікпен Қазақстандағы Олимпиадалық спорттың  болашағына сене аласыздар», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика