Ұлттың денсаулығы

Елбасы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдығымен құттықтады (ФОТО)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мерекелік концерт астаналық Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті. Қазақстанның спорт қоғамын құттықтауға 15 Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері мен президенттері келді.
Астана қаласы 17 Наурыз, 17:47

Президент қазақстандықтарды, спортшыларды,  спорт жанкүйерлері мен  қонақтарды Ұлттық Олимпиада комитетінің  25 жылдығымен құттықтады.

«Біз Халықаралық олимпиада қозғалысына қосылдық, бұл – тәуелсіз жаңа  Қазақстанды құрудың маңызды бөлігіне айналды. Олимпиадалық қозғалыс – спорттан биік дүние, бұл өмір философиясы,  ол бірлік пен   өзара сыйластық,  рухани жетілу  құныдылықтары негізінде пайда болды.  Бұл   тәуелсіз жаңа Қазақстанды құрудың  ұстанымына ұқсайды», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, Олимпиадалық қозғалыс  сияқты әлемде адамға қатты әсер ететін ұйым жоқ.

«Олимпиадалық модель бойынша Универсиадалар, континенттік ойындар  мен өзге сайыстар   өткізіледі. Қазақстан Халықаралық олимпиадалық  отбасының  сенімді мүшесіне айналды.  Біз спорттың дамуын қолдадық.  Біздің туымыз барлық олимпиадаларда  көтерілді,  спортшыларымыз жеңімпаз атанған сайыстарда әнұранымыз  шырқалды. Олимпиада ойындары  барлық спортшыларға күш-жігер сыйлайтын ұйым», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы  Алматыда өткен Универсиадада өнер көрсеткен Ұлттық құраманың  табысын атап өтті.

«Қазақстан әлемдік аренадағы беделін одан әрі арттыра түсетініне сенімдімін. Олимпиадалық  от әлем бойынша көп адамның жүргенінен орын табады деген үміттемін», - деді Н.Назарбаев.

Салтанатты  құттықтаудан кейін Елбасы Ұлттық Олимпиада Қауымдастығының басшысы  мен Азия Олимпиада кеңесінің  басшысы  Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабахқа олимпиадалық  қозғалыс пен  спорттың дамуына үлес қосқаны үшін  мерейтойлық медлін табыстады.

Қайрат Жандыбаев

Фото:Шыңғыс Қаппаров

 





Яндекс.Метрика