Ұлттың денсаулығы

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті өзінің 25 жылдығын атап өтуде

Астаналық Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығын атап өтуге арналған салтанатты кеш өтуде.
Нұр-Сұлтан17 Наурыз , 16:31

Қазақстанның спорт қауымдастығын осы айтулы оқиғамен құттықтауға 15 ұлттық олимпиадалық комитеттің президенттері мен өкілдері келді.

Кеште егемендігіміздің 25 жылы ішінде қазақстандықтарды өз жеңістерімен қуантып келген отандық спортшыларымызға, спорт ардагерлері мен еңбегі сіңген қайраткерлеріне назар аударылды.

Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Олимпиадалық хартияға сәйкес олимпиада қозғалысын дамыту және қорғау, сондай-ақ олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету мақсатында 1990 жылы құрылған болатын.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика