Халықаралық интеграция

Қазақстан және Малайзия ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстанның елшісі Данияр Сәрекенов Ұлттық ғарыш агенттігінің (ANGKASA) директоры Масзлан Исмаилмен кездесті.
Әлемде17 Наурыз , 19:21

ҚР СІМ ақпараты бойынша, агенттік Малайзияның Ғылым, технологиялар және инновациялар министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Осы ұйымның негізгі бағыты елдің ғарыш саласындағы технологиялық әзірлемелерін дамытуға бағытталған.

Д. Сәрекенов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы туралы, онда 2025 жылға дейін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту және олардың технологиялық қайта жарақтандырылуын қамтамасыз ету жоспарын әзірлеуге, 2017-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жобаларды іске асыруға және жаңа өңірлік нарықтармен ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен көңіл бөлінетіні жайында айтып берді. 

Осыған орай, елші биылғы жылдың 19-22 наурызында Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі делегациясының Малайзияға жоспарланған сапары, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «ANGKASA» арасындағы ынтымақтастық перспективалары туралы да мәлім етті.

Кездесу қорытындылары бойынша М. Исмаил екі елдің ғарыш қызметі саласындағы бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге жоғары қызығушылық танытып, қазақстандық тарапқа қажетті ақпарат беруге барынша жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді.




Яндекс.Метрика