EXPO-2017

103 ел ЭКСПО-2017 көрмесіне өз павильондарын алды

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растаған 115 елдің ішінен 103 мемлекет өз павильондарын толық алды, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс істеу департаментінің директоры Илья Оразақов халықаралық павильондарды аралау барысында.
Астана қаласы 17 Наурыз, 14:53

И. Оразақовтың айтуынша, 12 павильон тапсырылу үстінде және осы айдың соңына дейін барлық павильондар толық тапсырылатын болады.

«Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, қиындықтар жоқ. Талқылау барысында туындайтын барлық сәттер жұмыс тәртібінде шешіледі. Егер қатысушыларда қандай да бір қосымша тілектері немесе ескертулері болса, біз оның барлығын түзетеміз», - деді ол.

И. Оразақов түсіндіріп өткендей, кейбір елдер өздерінің павильондары үшін электр қуаттылығын бүгінгі жоспарланғаннан да көбірек сұрайды. Алайда, техникалық жоспар параметрлері басынан бастап белгіленгендіктен, әзірлеу кезінде елдер кейбір процестерді өзгертуге ниет білдіреді. 

«Өз экспозицияларын әзірлеу барысында елдер өз тілектерін білдіріп жатады. Қолымыздан келгенше орындауға тырысамыз. Алайда, техникалық және қауіпсіздік жағынан ол мүмкін болмайтын жағдайлар да кездеседі. Ауыр металл құрылымдарын қосуға тыйым салынады, себебі ол қауіпсіз емес», - деп қорытындылады спикер.

Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық павильондарын аралау барысында Қытай мен Австрия өз павильондарымен тыныстырды.  

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика