EXPO-2017

Австрия ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын ауқымды мәдени бағдарламамен таныстырады (ФОТО)

«ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесінде Австрия Республикасының павильоны 900 шаршы метрді құрап отыр. Елдің таңдап алған тақырыбы «With brain, heart and muscle power». Бұл туралы Австрияның Қазақстандағы елшісі Герхард Сайлер көрменің халықаралық павильондарға жасалған баспасөз туры барысында.
Астана қаласы 17 Наурыз, 14:32

Жалпы, Австрияның конструкциясы  3 бөлімнен тұрады: негізгі аймақ, демалыс аймағы, ол жерден Австрия туралы толық ақпаратты алуға болады.

«Австрия үшін таныстырылым жасауға  жақсы мүмкіндік,  себебі Австрияда  су энергиясының  37 пайызы бар,  жел энергиясы  10 пайызды құрайды. Австрия павильоны кішкентай емес,  900 шаршы метрді құрап отыр. Көрме уақытында  тақырыптық шаралар өтеді, мәдени бағдарлама да  жүзеге асырылмақ. Австрия өзінің мәдениетін тек қазақстандықтарға ғана танытып қана қоймай, барлық әлемге паш еткен өте маңызды. Австрия монастырінің ұлдарының хоры, классикалық оркестр, көшелердегі би тұрғындар үшін ұйымдастырылады», - деді елші.

Австрия  энергияның баламалы көздері үлкен қарқынмен дамып жатқан елдердің бірі,  ол Германия  және Скандинавия елдерімен тең дәрежеде тұр.  Республика  баламалы энергия көздеріне  2030 жылы толық көше алады.

«Австрия осыған дейін де ЭКСПО көрмелеріне қатысып жүрді, бірақ биылғы жылы  барлығы ерекше өтеді. Тақырып болашақтың энергиясына байланысты болған соң, біз бұл саладағы барлық жетістіктерімізді білуіміз керек. Көптеген дүниежүзілік компаниялар  ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын  нақтылады», - деді Г.Сайлер.

Австрия павильоны  Швейцария, Латвия, Чехия павилондарының жанында орналасқан.

Ақбота Күзекбай

Фот: Абзал Қалиев





Яндекс.Метрика