Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін кепілдендіру моделі әзірленді

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін кепілдендіру моделі әзірленді, деді ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.
Нұр-Сұлтан17 Наурыз , 18:07

« 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды  дамыту  бағдарламасының  басты бағыттарының бірі  денсаулық сақтау саласында  адами капиталды тиімді басқаруды арттыру. Адами  ресурстарды  стратегиялық басқару  дәрігерлер, пациенттер мен өзге тараптар арасында құқықтық қатынасты енгізуді қарастырады», - деді А.Айыпханова.

Оның айтуынша, «100 проблема-100 шешім – 100 күн»  әлеуметтік жобасының  аясында  дәрігерлерді  құқықтық  қорғау  мен оның кәсіптік  жауапкершілігін  арттыру бойынша  150 ұсыныс келіп түсті.

«Аталмыш мәселе жүгіну себебінің екіншісі атанды. Бүгінгі таңда «Арман» медициналық құқық және  отбасылық бюросымен бірлесіп   медициналық қызметкерлердің  мәртебесін арттыру бойынша жол картасы әзірленді», - деді ол. 




Яндекс.Метрика