Парламент

Бюджетті шығыны көп имидждік жобаларға жұмсауды қысқарту керек – Қ.Тоқаев

Бюджетті шығыны көп имидждік жобаларға жұмсауды қысқарту керек, деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Үйлестірілген және ашық бюджет – елдің табысты әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі» парламенттік тыңдалым барысында.
Нұр-Сұлтан 17 Наурыз, 15:03

«Бюджетті шығындау әдісі  нақты жоспарланған  болуы керек, қаржыны қажеттілік ететін салаларға  бағыттау керек.  Көп шығындарға жол бермеуге тиіспіз.  Бюджетті шығыны көп имидждік жобаларға жұмсауды азайту немесе мүлдем қысқарту  керек», - деді Сенат спикері.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, елдің салық саясаты заманауи жаһандық сынақтарға жауап беруі керек, ол іскерлік белсенділікті  ынталандырып,  кірістің жоғарылауын қамтамасыз етіп, шағын және орта бизнеске қолғабыс етуі керек.

«Біз квазимемлекеттік саладан кіріс бюджетінің  арттыруын  күтуіміз керек. Үкімет  қаржының игерілмеуі бойынша ауқымды іс атқаруы тиіс.  Бюджеттік тапшылық жағдайында  оны игермеу ақылға сыймайтын дүние. Біз ел экономикасын басқа жағдайда дамытуға  үйренуіміз керек,  экономикалық өсімнің жаңа моделін құрып,  бәсекелестік пен  нарық жағдайында  өмір сүруіміз керек», - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы айтып өткендей, бюджеттік қаржының  мұнай бағаларынан әсер алудан арылу,  әкімшілік салықты жақсарту,  бюджеттік шығының тиімді әдісіне көшу қажет.

 





Яндекс.Метрика