ҚР Президентінің Жолдауы

Маңғыстау облысының 45 мыңнан астам тұрғынының зейнетақысы көтеріледі.

Маңғыстау облысының 45 мыңнан астам тұрғынының зейнетақысы көтеріледі. Бұл туралы, бүгін, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен семинар-кеңесте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Маңғыстау17 Наурыз , 15:52

Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.

Кеңесте сөз алған министр, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың өсуі жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.  

ҚР ЕХӘҚМ басшысының айтуынша, ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі.

ҚР ЕХӘҚМ басшысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің қалай тағайындалатынын да айтып өтуді ұмытпады.

 «Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай ­ - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібі енгізіліп, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен (қазір  40%) отбасылардың әрбір мүшесіне, еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен берілетін болады. АӘК қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады: көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ); 18 жасқа дейінгі балалар арналған мемлекеттік жәрдемақы; табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек», - деді министр.

 




Яндекс.Метрика