Білім беру

Семейде 7 жылда Назарбаев зияткерлік мектебін 466 түлек бітірген

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің Семей қаласындағы бөлімшесінің жұмысымен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Шығыс Қазақстан17 Наурыз , 12:54

Дарынды балаларға арналған мектептің 2016 жылдың соңында пайдалануға берілген жаңа ғимаратын аралау барысында Бақытжан Сағынтаев өзін-өзі тану, нанотехнологиялар, биотехнологиялар кабинеттерін, қыш құмыра шеберханасын, асхана мен кітапхананы аралады. Мектеп директоры Б. Қайыржанов оқу орнының жетістіктері туралы айтты.

Нысанның бірегейлігі -  720 оқушыға арналған негізгі оқу корпусының 120 орынға арналған жатақхана корпусы бар. Бұл шалғайдағы ауылдардан келген дарынды балаларға интернатта тұрып, оқуға мүмкіндік береді.

Мектептің жеті жылдық жұмысы аралығында 466 түлек бітірген, олардың 34-і «Алтын белгі» иегері, 22-сі үздік аттестат иегері. Мектеп түлектері өз оқуларын еліміздің және шетелдік ЖОО-ларында жалғастыруда. Назарбаев университетінде 156 түлек, ҚР жоғарғы оқу орындарында – 283, шетелде – 26 түлек білім алуда.

 




Яндекс.Метрика