ҚР Президентінің Жолдауы

Қазақстанның индустриялық алыптары отандық тауарларды сатып ала бастады

Алматыда жүйе құрушы кәсіпорындар үшін тауарлар мен қызметтерді ұсынушылардың қатысуымен жиын өтті, онда олар қазақстандық индустрия алыптарының қажеттіліктері туралы біліп, олармен іскерлік байланыстарды реттеу мүмкіндігіне ие болды.
Алматы қаласы17 Наурыз , 17:42

Жиналысқа Алматы қаласы әкімдігінің, "Атамекен" өңірлік палатасының, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, «Eurasian Resources Group», «Казцинк» ЖШС өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 20 отандық кәсіпорын өкілдері қатысты. 

ҚР ИДМ «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі" АҚ-да айтып өткендей, іс-шара үшжақты меморандумды орындау аясында өткізіліп отыр. 

«NADLoC» ірі компаниялардың технологиялық процесі үшін қажетті тауарлар қажеттігіне толық талдау жасап, отандық тауар өндірушілердің әлеуетін зерттеді. Нәтижесінде, ұлттық агенттік сарапшылары бес салада бүгінгі таңда 387 млн доллар сомасына шетелдік өндірушілерден сатып алынатын екі мыңға жуық тауарлық позицияны анықтады. 

«Мұндай іс-шаралар ірі жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы импортты алмастыру бағдарламасын одан әрі дамыту әлеуетін көруге мүмкіндік береді. Осы ретте даму векторы бізде жоқ өнімді шығара бастауға бағытталған. Бұдан бөлек, біз жүргізген талдау экспорттық әлеуетті де қамтиды" , - деп атап өтті «NADLoC» АҚ басқарушы директоры Дмитрий Усов.

Жиналыс аясында қатысушылар Алматы қаласы отандық өндірушілерінің өндірістік алаңдарында болды.  

 




Яндекс.Метрика