Халықаралық интеграция

Германия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан мен Неміс елшілігінің Неміс қауымдастығының «Возрождение» қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы, Германия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жылтолуына арналған білім беру мәселелері турасындағы конференция өтті.
Астана қаласы17 Наурыз , 12:13

Кітапханада хабарлағандай, конференцияның мақсаты – неміс-қазақ ынтымақтастығының қолданыстағы құрылымдарды нығайту және кеңейту болып табылады.

Конференция барысында, «Германия мен Қазақстандағы білім беру: «Біз бірге болашақты жасаймыз» атты екі жақты білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ оның әлеуеті мен перспективаларын, барлық аспектілерін қамтыды. 

Осыған орай, төрт панельдік сессиялар барысында мәдениет пен білім, сондай-ақ жоғары білім беру аясындағы және кәсіптік-техникалық білім беру, мектептердегі білім беру саласындағы тақырыптарды талқылайды.

Шараға  Сыртқы істер вице-министрі – М.Ю.Василенко, Білім және ғылым вице-министрі – Э.А. Сухамбердиева және Мәдениет және спорт вице-министрі – А.Р. Райымқұлова, сонымен қатар неміс және қазақ оқу орындарының өкілдері қатысты.

Фото:Арман Мұхатов 




Яндекс.Метрика