EXPO-2017

Неміс ішекті аспаптар квартеті ЭКСПО-2017 алаңында өнер көрсетеді

Немістің белгілі ішекті квартеті мен танымал виоленчилисі Астанада 2017 жылдың 25 маусымында өнер көрсетеді, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы17 Наурыз , 15:28

Берлиндік «Кусс квартет» өзінің бірегей классикалық туындыларымен және қызықты музыкалық бағдарламасымен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, «Кусс Квартет» беделді концерт алаңдарында жиі өнер көрсетуде. Мысалы, Нью-Йорктегі Карнеги-Холл, Амстердамдағы Консертгебоу, Лондонның Вигмор Холлында, Берлин филармониясында және көптеген қалаларда өз шығармашылығын ұсынған.

Ал, Миша Майский классикалық әуендерді  орындайтын даңқты тұлға ретінде танымал. Ол жиырмасыншы ғасырдың екі бірдей мэтрі - Мстислав Ростропович пен Григорий Пятигорскийден тәлім алған әлемдегі жалғыз өнер адамы

 




Яндекс.Метрика