Халықаралық интеграция

ОА әскери қызметкерлері діни экстремизммен күрес мәселесін талқылады

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың жетекшілік етуімен діни экстремизммен күрес мәселелері бойынша халықаралық симпозиумға қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде17 Наурыз , 12:36

 Қазақстан қорғаныс ведомствосының өкілдерімен қатар Иордания, Кувейт, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы және Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ, Вашингтон қ. Ұлттық қорғаныс университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияның Стратегиялық зерттеулер орталығының мамандары шақырылды.

Қатысушылар бүгінгі таңдағы діни экстремизммен күрес жөніндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ, аталған проблеманы шешудегі діннің рөлін талқыға салды. АҚШ Құрлық әскерлері Орталық қолбасшылығының өкілдері, Бостон университетінің саясаттанушы ғалымдары, АҚШ Құрлық әскерлері Орталық қолбасшылығының капелландары баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, симпозиум барысында үгіт-насихатқа қарсы тиімді жүйені әзірлеу, мемлекет пен дінге, шиеленістен кейінгі дінаралық қарым-қатынастар мәселелері көтерілді.




Яндекс.Метрика