Өңірлер

Алматы қаласының қоғамдық көліктері «Жүргізуші көмекшісі» жабдығымен жарақтандырылды

Алматыда «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС Орталық диспетчерлік басқармасы (ОДБ) қоғамдық көлік қозғалысын басқару жұмысын бастады.
Алматы қаласы17 Наурыз , 11:09

Қала әкімдігінде хабарлағандай, қоғамдық көліктер (барлық қалалық бағдарлар) «Жүргізуші көмекшісі» арнайы жабдығымен жарақтандырылды, ол арқылы диспетчерлер жүргізуші бағдарын қадағалап, басқару мүмкіндігіне ие болады.

«ОДБ диспетчерлері жүргізушілердің берілген бағдардан ауытқып кетпеуін қадағалайды, бағдардағы бірдей уақыт аралығын қамтамасыз етеді, барлық аралық және соңғы аялдамаларда тоқтауын қадағалап отырады. ОДБ тәулік бойы жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Әрбір диспетчерге орта есеппен 60-70 жылжымалы бірлік бекітілген. Диспетчерлер барлық аялдама пункттері, бағдардың, аралық және соңғы нүктелері, желідегі көлік құралдарының толық құрамы белгіленген қозғалыс схемасын көріп отырады және бұл оларға қозғалысты қадағалап, бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

ОДБ диспетчері «Жүргізуші көмекшісіне»  қоңырау шалу арқылы жүргізушімен тікелей байланыса алады және бұзушылық себебін анықтау үшін қозғалысты басқару бөлігінде нұсқаулар береді.

Әкімдікте ОДБ қызметі, ең алдымен, қоғамдық көліктің жедел жұмысына бағытталғаны туралы айтылды.




Яндекс.Метрика