Басқару

Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Семей қаласына барды

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Б. Сағынтаев Семей қаласының Халықаралық әуежайы мен ЖЭО-1 қайта құру жұмыстарын тексереді, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бөлімшесіне барады, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қала жұртшылығымен кездесу өткізеді, деп хабарлады primeminister.kz.
Шығыс Қазақстан17 Наурыз , 10:12

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.

Кеше Б. Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында, Өскемен арматура зауытында, Үлбі металлургия зауытында, майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығында, көз микрохирургиясы емханасына және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барды. 

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекшілерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. 

 

 




Яндекс.Метрика