Халықаралық интеграция

Қазақстан Елшісі Ресей Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге сенім грамоталарын табыс етті.
Әлемде 17 Наурыз, 09:36

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлағандай,  В.Путин құттықтау сөзінде, Қазақстанның Ресей үшін сенімді дос және стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Ол екі елдің көпжақты институттар мен интеграциялық үдерістердің аясында өзара іс-қимыл арасындағы қарым-қатынастардың жағдайымен қанағаттанғандықты білдірді. Ресей көшбасшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуына қызығушылықты білдірді.

"Қазақстан – біздің сенімді дос және стратегиялық одақтасымыз. Президент Н.Ә.Назарбаевпен соңғы келіссөздер барысында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартының негізінде түрлі салалардағы өзара ынтымақтастықты арттыру ниеті расталды", – деді Владимир Путин.

Ресей президенті ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы желісі бойынша белсенді бірлескен жұмысын ескертті.

"Ресей Президент Назарбаевтың посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің көшбасшылық рөлін жоғары бағалауда. Және де біз Астанада Сирия бойынша келіссөздер үдерісін ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан басшылықтың үлесін жоғары бағалаймыз", – деді Владимир Путин.

Ресей президенті Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Ресейдің қатысуын растады. "Маусым айында Ресей ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысады және күзде Челябинск қаласында өтетін XIV дәстүрлі аймақаралық ынтымақтастық форумына қазақстандық серіктестерімізді күтеміз", – дедi Ресей Федерациясының Президенті еске салды.

Путин қазақстандық дипломатты тағайындауымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Осы күні Үлкен кремль сарайының Александр залында өткен салтанатты рәсім кезінде, сенім грамоталарын 18 шет елдердің елшілері табыстады, соның ішінде Армения, Бельгия, Бразилия, Израиль, Катар, Түркия, Швейцария және т. б.

 





Яндекс.Метрика